06
қыркүйек
2024
Тілдері мерекесіне орай №110 мектеп гимназиясында «Тіл - ұлттың мақтанышы » атты ашылу салтанаты өтті
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Туған тілдің мәртебесін көтеру – әрбір адамның борышы, міндеті. Біздің барлық ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт-дәстүріміз бен дініміз, ұлттық мәдениетіміз тілімізде жатыр. Қазақстан халқы Тілдері мерекесіне орай №110 мектеп гимназиясында «Тіл - ұлттың мақтанышы » атты ашылу салтанаты өтті. Самал би тобының оқушылары би билеп, өнерлі оқушылар ән айтып, тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқудан оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.