Салтанатты шеру "Атақты спортшы Назым Қызайбай мен кездесу"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп - гимназиясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай , Қазақстанның 14 дүркін, Әлемнің 3 дүркін чемпионы, 2024 жылы Парижде өткен Жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбаймен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбайдың спорттық жолы арқылы жас ұрпаққа табандылық, жігер, еңбексүйгіштік қасиеттерін үлгі ету, оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру.