Материалы за Қараша 2020 года » КГУ "Школа-гимназия №110" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық байқау
28
қараша
2020
Халықаралық байқау
"Әл-Фараби және қазіргі заман" атты халықаралық байқауында оқушылар арасында "Әл-Фараби - бақыт философиясы" номинациясы бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназияның 10"В" сынып оқушысы Курманбекова Элдина I дәрежелі дипломмен марапатталды. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық байқауға оқушысын белсенді қатыстырғаны үшін жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Чегеубекова Гулмария Нарынбековна Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Конкурс-фестиваль
28
қараша
2020
Конкурс-фестиваль
Ученицы хореграфической студии "ЭКЗЕРСИС" завоевали ГРАН-ПРИ в 4 Международном конкурс-фестивале творчества "ЗВЕЗДА МИРА". В составе танцевального коллектива была ученица 4"Е" класса школы-гимназии №110 Вьюркова Валерия. Поздравляем!!!
Кітап көрмесі
28
қараша
2020
Кітап көрмесі
Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясында 1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында, мектеп кітапханашысы Самал Жексембиева "Елбасының ерен еңбегі" тақырыбында кітап көрмесін өткізді. 
Мектепішілік олимпиада
28
қараша
2020
Мектепішілік олимпиада
Алматы қаласы Білім басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы "2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндерден олимпиада өткізу туралы" бұйрығы негізінде және Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес N110 мектеп-гимназияның 8-11 сынып оқушылары арасында 26, 27-қарашада мектепішілік пәнаралық олимпиада өткізілді. Мектепішілік олимпиададан І,ІІ-орын алған оқушылар аудандық пән олимпиадасына жолдама алды.
Республикалық ғылыми-практикалық конференция
28
қараша
2020
Республикалық ғылыми-практикалық конференция
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті 27 қараша 2020 жылы "Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында" атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. Осы конференцияға біздің мектеп-гимназиямыздың ұстазы Чотаева Айжан Кәкімғажықызы қатысып, өз баяндамасын оқыды. Және де мақалалары осы университет жинағында жарық көрді. Алғыс хатпен марапатталды.  
Для выпускников
27
қараша
2020
Для выпускников
26 ноября с 15:00 до 18:00 Университет КИМЭП проводит "Виртуальный День открытых дверей".
"Адал ұрпақ - жарқын болашақ кепілі"
27
қараша
2020
"Адал ұрпақ - жарқын болашақ кепілі"
Жетісу аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 19 қараша күні, Жетісу ауданы Білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангельдиевнаның қатысуымен "Адал ұрпақ - жарқын болашақ кепілі" тақырыбында 9-10 сынып оқушылары Адал ұрпақ ерікті мектеп клубына қабылданды.