Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
"Жетістіктеріміз"
16
маусым
2026
"Жетістіктеріміз"
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық Мұқағали Мақатаев оқулары “Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…” номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ иегері Алматы қаласы, №110 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Бектенов Хангелді. Жетекшісі: Жәмәли А.Ә. Құттықтаймыз✨✨
"Жазғы шабыт"  лагерінің соңғы күні — «Жабылу салтанаты» өткізілді.
12
маусым
2026
"Жазғы шабыт" лагерінің соңғы күні — «Жабылу салтанаты» өткізілді.
Мектепішілік жазғы лагерьдің соңғы күні — «Жабылу салтанаты» Бүгін біздің «Жазғы шабыт» лагерінде ерекше күн болды! Әрбір топ көңілді музыкалық номер дайындап, сахнада өнерлерін көрсетті — ән айтты, би биледі, өлең оқыды. Тәрбиешілер шетте тұрмай, қосылып флешмоб билетті.Одан кейін балалар сазбалшықтан өз қолдарымен құмыра жасауды үйренді. Әр бала жасаған бұйымын үйге алып кетеді — бұл жаздан естелік болып қалады! Сәлем, шуақты жаз! Барша лагерь қатысушыларына жарқын демалыс, жақсы көңіл-күй
«Жазғы шабыт» лагерінде көңілді «Балмұздақ пати» ұйымдастырылды.
11
маусым
2026
«Жазғы шабыт» лагерінде көңілді «Балмұздақ пати» ұйымдастырылды.
Бүгін «Жазғы шабыт» лагерінде көңілді «Балмұздақ пати» ұйымдастырылды. Балалар әртүрлі дәмдегі балмұздақтардан дәм татып, қызықты ойындарға қатысты. Балмұздақ пати лагерьдегі ең есте қаларлық әрі қызықты шаралардың бірі болды. Барлығы көтеріңкі көңіл-күймен ерекше әсер алып қайтты.
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды!
10
маусым
2026
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды!
*Құрметті ата-аналар!* 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды! *Қабылдау мерзімі:* 10 маусым – 31 тамыз 2026 жыл. Өтінішті *OQU (oqu.edu.kz)* платформасы немесе *egov.kz* порталы арқылы тапсыруға болады. *Қажетті құжаттар:* * 3×4 фотосурет; * №065/у екпе картасы; * №052-2/у денсаулық паспорты; * ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда). *Өтінішті қарау мерзімі:* 1 жұмыс күні. *Біздің мекенжайымыз:* Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ - 3, 166а. *Байланыс телефоны:* +7 (727)
Балалар «Аватарияға» барып, қызықты ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді.
10
маусым
2026
Балалар «Аватарияға» барып, қызықты ойындар ойнап, көңілді уақыт
Бүгін балалар «Аватарияға» барып, қызықты ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді. Жарқын эмоциялар, шат күлкі және қмытылмас әсерлер-күннің басты сыйы болды.
«Жазғы шабыт» лагерінің оқушылары күнді сергек көңіл-күймен бастап, таңғы жаттығу жасады.
10
маусым
2026
«Жазғы шабыт» лагерінің оқушылары күнді сергек көңіл-күймен бастап,
Мектепішілік «Жазғы шабыт» лагерінің оқушылары күнді сергек көңіл-күймен бастап, таңғы жаттығу жасады.
«Жазғы шабыт» лагерінде Әкелер күні қарсаңында «Бірлік пен мүмкіндік» тақырыбында отбасылық спорттық жарыс өтті.
09
маусым
2026
«Жазғы шабыт» лагерінде Әкелер күні қарсаңында «Бірлік пен мүмкіндік»
Бүгін «Жазғы шабыт» лагерінде Әкелер күні қарсаңында «Бірлік пен мүмкіндік» тақырыбында отбасылық спорттық жарыс өтті. Шарада ата-аналар мен балалар бірлесіп сайысқа қатысып, ұйымшылдық, достық және салауатты өмір салтын насихаттады. Жарыс көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге толы болды.
«Жазғы шабыт» лагерінде көңілді әрі ерекше «Пародия show» өтті.
08
маусым
2026
«Жазғы шабыт» лагерінде көңілді әрі ерекше «Пародия show» өтті.
Бүгін «Жазғы шабыт» лагерінде көңілді әрі ерекше «Пародия show» өтті. Әр топ өздерінің шығармашылығын, актерлік шеберлігін және тапқырлығын көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар танымал кейіпкерлер мен қызықты образдарды сахналап, кешті күлкі мен жарқын эмоцияға толтырды.
«Жазғы шабыт» лагерінің оқушылары медициналық тексеруден өтті.
05
маусым
2026
«Жазғы шабыт» лагерінің оқушылары медициналық тексеруден өтті.
«Жазғы шабыт» лагерінің оқушылары медициналық тексеруден өтті. Балалар денсаулығын нығайту және қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында тексеріс ұйымдастырылды. Тексеру барысында медициналық қызметкерлері оқушылардың жалпы денсаулық жағдайын бақылап, бойы мен салмағын өлшеп, қажетті кеңестер берді.
«Жазғы шабыт» лагерінде балаларға арналған «Толағай» ертегілік қойылымы өтті.
05
маусым
2026
«Жазғы шабыт» лагерінде балаларға арналған «Толағай» ертегілік
Бүгін «Жазғы шабыт» лагерінде балаларға арналған «Толағай» ертегілік қойылымы өтті. Бүлдіршіндер қазақ халқының сүйікті ертегісін тамашалап, ұлттық құндылықтарды салт-дәстүрлермен және батырлық рухымен танысты. Қызықты кейіпкерлер, әсерлі музыка мен ерекше атмосфера балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жаңалықтар топтамасы