10
ақпан
2021
"Мұқағали оқуы" атты мектепішілік байқау
Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!
Мына жұрттар неғып жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірім бір жарытпай-ақ, қойғаны-ай!
Мына дүние неге жатыр үндемей..
Алматы қаласы Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияда қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын, ғасыр ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Тұлпар» сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты 1-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Мұқағали оқуы» байқауы өтті. Байқауға мектеп әкімшілігі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілер қатысты. Жыр дүлділіне 80-ге жуық оқушылар қатысып, ақынның «Үш бақытым», «Отан туралы», «Шеше, сен бақыттысың», «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын ерекше ықыласпен қашықтан оқыды. Ақынға арнайы көрме ұйымдастырылды.
Ақын: -Туады, туады әлі нағыз ақын,
Нағыз ақын у мен бал тамызатын, - деп болашаққа үміт артты. Үміт оты сөнбесін.