Марапаттаулар » КГУ "Школа-гимназия №110" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
наурыз
2021

Марапаттаулар

Көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мерекесі қарсаңында Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның информатика пәнінің мұғалімі Тулегенова Райхан Айтуреевна қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегі мен білім беру саласындағы мүлтіксіз атқарған қызметі және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолында көрсеткен жетістіктері, қажырлы еңбектері мен кәсіби шеберліктері үшін, сонымен қатар ауданның білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары - Сайраш Кобельдесова;
бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Ұстабекова;
география пәнінің мұғалімі Шахидам Ахметова Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы С.Кусаинованың және аудандық "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Алимбаеваның МАДАҚТАМАСЫМЕН марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!🌷🌷🌷
Марапаттаулар





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: