«Ер есімі – ел есінде» » КГУ "Школа-гимназия №110" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
мамыр
2021

«Ер есімі – ел есінде»

Менің атам, Ұлы Отан соғысының ардагері Садықов Кемел Садықұлы 1923 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген. Жетіжылдық мектепті бітірген соң, соғысқа алынып, алдымен, әскери даярлық курсында оқып, кіші командир шенін алып шыққан. 1941 жылдың ақпан айында соғысқа аттаныпты. Содан Сталининград шайқасына, Польша жеріндегі ұрыстарға қатысқан. Атам соғыста 3 рет жараланған екен. Соғысты Варшава қаласында аяқтап, жеңіспен елге оралған.
1948 жылы Нұршай апам екеуі отбасын құрған екен. 1949 жылы Қарасу колхозына партия ұйымының жетекшісі болып сайланған. Онда 2 жыл қызмет атқарғаннан кейін, Жамбыл колхозында, XVIII партсъезд атындағы колхозда партия ұйымының жетекшісі болды. Кейін, 1983 жылы зейнеткерлікке шыққанша, ревизор, халықтық бақылау комитетінің жетекшісі болып істеді.
2004 жылдың тамыз айында жасы 82-ге қараған шағында дүниеден өтті.

Батырлығы пен ерлік үшін «Қызыл жұлдыз», I дәрежелі «Отан соғысы» наградаларымен, «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысын жеңгені» үшін және Сталиннің арнайы алғыс хатымен марапатталды.
«Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымыз бен аталарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
«Ер есімі – ел есінде»

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: