Вакансия » КГУ "Школа-гимназия №110" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қаңтар
2023

Вакансия

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу
Алматы қаласы Жетісу ауданы "№110 мектеп- гимназия " коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс сыныптарындағы информатика пәні мұғалімінің уақытша бос орнына (24 сағат) конкурс жариялайды.
Мекен-жайы Айнабұлақ - 3 ықшамауданы, 166 А үй.
Байланыс телефоны 2-52-45-44, 87013112539
электрондық пошта school_110@bk.ru
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген мұғалімдер төменде көрсетілген құжаттарды 2023 жылдың 16-27 қаңтар аралығында электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

22 қараша 2022 Конкурс
11 қазан 2022 Конкурс
03 наурыз 2021 Ақпарат