27
қыркүйек
2024
"Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" атты жиналыс
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіруде 27-і қыркүйек күні мектеп директоры Абитова Ж.Н. педагогикалық ұжыммен "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" атты жиналыс өткізді. Жиын барысында педагогтер оқушыларымызды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы, әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауапты екендігімізді атап өтті. Мектеп психологы Әбетова Г.Д. бала қауіпсіздігін сақтау, буллинг, кибербуллингтің алдын алу, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу алгоритмін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар буллингтің алдын алу "Dosbollike", "Ата-аналарды қолдау" бағдарламалардың мақсаты мен міндеттерін таныстыру жұмыстары жүргізілді.