Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Әдеби квест: Жазушыны тап!” атты жарыс
12
ақпан
2025

“Әдеби квест: Жазушыны тап!” атты жарыс

12-ақпан күні Қазақ тілі мен әдебиеті айлығы аясында 8-сыныптар арасында “Әдеби квест: Жазушыны тап!” атты жарыс болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың білімі мен жүйріктігін шыңдау, кітап оқуға құштарлығын арттыру, ойын арқылы есте сақтау қабілетін жақсарту.
Квест барысында оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы келесі станцияларға жолдама алып отырды. Асханада пайдалы-зиянды тағамдарды ажырата білді, кітапхана сөрелерінен жазушы шығармаларының үзіндісі арқылы кітаптарын таба білді, дәліздегі қабырға газеттеріндегі QR код арқылы тапсырмаларды орындады, соңғы станцияда сұрақтарға жауап бере отырып қазынаға жол тапты! Оқушылар жеткен жетістіктеріне орай
8 “Е” сыныбы «Бас жүлде»;
8 “Г” сыныбы 1🥇орын;
8 “Д” сыныбы 2🥈орын;
8 ”В” сыныбы 3🥉орынмен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: