17
сәуір
2025
«Еңбекке құрмет – ұлтқа құрмет»
2025 жылдың 16 сәуірі күні, №24 балалар кітапханасында «Еңбекке құрмет – ұлтқа құрмет» тақырыбында танымдық бейнекөрсетілім өткізілді. Шараға №110 мектеп-гимназияның 8 «А» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа еңбектің қадірін ұғындыру, түрлі мамандық иелеріне деген құрметті арттыру.
Балалар еңбек туралы бейнероликті қызығушылықпен тамашалап, еңбек адамдарын үлгі етіп, өз армандаған мамандықтары жайлы ой бөлісті.
Адал еңбек – әрбір азаматтың рухани байлығы, ұлттың тірегі. Шара соңында балаларға еңбекке арналған кітаптар ұсынылып, қысқаша шолу жасалды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар өскелең ұрпақтың тұлғалық дамуына, патриоттық көзқарасының қалыптасуына сеп болады.