Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сәуір
2025

“Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі”

Бүгін №110 мектеп-гимназиясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі” атты үлкен іс-шара өтті.
Иә, бұл — тағылымы мол, жүрекке терең ой салатын ерекше жиын болды. Біз бұл күнді бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымызды құрметтеуге, олардың ерлігіне тағзым етуге арнадық. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен естеліктерін тыңдауға мүмкіндік алды.
Негізгі мақсатымыз — жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, тарихқа деген құрметті арттыру және ардагерлердің жанкешті ерлігі арқылы елге деген сүйіспеншілікті ояту. Батыр бабаларымыздың жүріп өткен жолы – біз үшін өнеге, ұмытылмас тарих.
Шақырылған қонақтар:
Халалов Габил Имаметдинович -полковник, ҚР запастағы офицерлер Одағы төрағасының орынбасары;
Майтбасов Арғынбек Төлегетайұлы-подполковник, Ауған ардагері;
Летникова Клара Артемовна-соғыс ардагерлері мен атақты адамдарды еске алу жөніндегі қалалық комиссияның төрайымы, тыл майданының ардагері;
Ахмет Дарияш Кошекқызы - адамгершілік және патриоттық тәрбие жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары;
Костина Ирина Александровна-Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, бұрынғы кәмелетке толмаған фашизм тұтқындарының қоғамдық бірлестігінің төрайымы, “Жаңа дәуір.кz” журналының редакторы;
Затыбекова Ақтолқын Еркінбекқызы-Жетісу ауданы әкімі аппаратының Қоғамдық даму бөлімінің қызметкері;
Шакирова Тамара Мухтархановна - Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы қатысып, өздерінің естеліктерімен бөлісті. Мектеп ұжымына оқушыларды тәрбиелеудегі жұмыстары үшін алғыс білдіріп,оқушыларға бейбіт күн үшін жанын қиған батырлардың ерлігіне тағзым етуге, өз елінің тарихын ұмытпауға, жақсы оқып, тыныштық пен келісімде өмір сүруге шақырды.
Жетісу аудандық Ардагерлер Кеңесінің белсенді мүшелері , тыл майданының ардагерлері және Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскерлерінің номері 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: