08
мамыр
2025
"28 Панфиловшылар саябағында мәңгілік алау алдында өткізілген салтанатты шеру"
Ұлы Отан соғысының жеңісіне 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған 28 Панфиловшылар саябағында мәңгілік алау алдында өткізілген салтанатты шеруге N110 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушылары қатысты. Бұл маңызды шараның мақсаты - жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті ұялату, Ұлы Отан соғысы кезінде жанын қиған ерлердің ерлігін ұлықтау, ардагерлерге тағзым ету болды. Жетекшісі Алғашқы Әскери және Технологиялық дайындық пәні ұйымдастырушы оқытушысы лейтенант Идирисов Ғани Ауелбекұлы.