Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
мамыр
2025

"Соңғы қоңырау"

Мектебім саған, мың алғыс!

Бүгін – жүректер толқыған ерекше күн. Соңғы қоңырау сыңғыры мектеп қабырғасымен қоштасқанымызды білдіріп тұр. Он бір жыл бойы бізге пана болған алтын ұямыз – мектебімізге деген алғысымыз шексіз.

Осы жылдар ішінде біз білімнің биік шыңына қарай жол бастадық. Ал сол жолда бізге бағыт көрсеткен – аяулы ұстаздарымыз. Сіздердің әр сабағыңыз, әр ақылыңыз өміріміздің шамшырағына айналды. Қиын сәтте демеп, қуанышта қуанып отырған ұстаздар, сіздерге мың алғыс!

Мектеп – бізді ұшырған ұя. Осында біз достықтың қадірін білдік, арманға қанат қақтық. Мектеп қабырғасындағы әр сәт – мәңгі жүрегімізде сақталары анық.

Қоштасу – әрдайым оңай емес. Бірақ біз жақсы үмітпен, жарқын болашаққа сеніммен аттанамыз. Ал бұл сенімді бізге берген – мектебіміз. Сондықтан, қымбатты мектебім, саған айтарымыз – мың алғыс!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

26 ақпан 2021 Көрме