Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
шілде
2025

"Сүйінші жаңалық"

Қадірлі отандастар!

Сүйінші жаңалық!

Араб Әмірліктерінде өткен Химия пәнінен 57-ші Халықаралық олимпиадада біздің оқушыларымыз ғылымдағы үздік жетістіктерін тағы бір мәрте дәлелдеп, әлемдік білім бәсекесінде еліміздің абыройын асқақтатты.

Бұл білім сайысында ел қоржынына екі алтын, екі күміс медаль берген оқушыларымыз – Кирилл Ким, Абылай Қабдулхадыр, Еңлік Бақытбекова және Аңсар Жақсылықовты шын жүректен құттықтаймын!

Мұндай жетістіктерге жетуде оқушылардың талпынысы мен еңбегімен қатар, олардың ұстаздары мен ата-аналарының үлесі зор. Әсіресе, тәлімгерлері Санжар Бегдайыр мен Ринат Илюсовке кәсіби шеберліктері, оқушыларға көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Бұл жеңіс – жас буынның жарқын болашағына жол ашатын берік негіз деп сенемін. Жетістіктеріңіз еселене берсін, алар асуларыңыз

биік болсын! Еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де талапты азамат болып өсулеріңізге тілектеспін.

🔹🔹🔹

Уважаемые казахстанцы!

С радостью спешу поделиться важной и вдохновляющей новостью!

На 57-й Международной олимпиаде по химии в Объединенных Арабских Эмиратах наши школьники снова подтвердили свое лидерство в науке и высокий авторитет казахстанского образования на мировой арене.

Искренне поздравляю Кирилла Кима, Абылая Кабдулхадыра, Енлик Бакытбекову и Ансара Жаксылыкова — вы показали блестящий результат, завоевав две золотые и две серебряные медали.

Неоценимый вклад в этот результат внесли ваши педагоги и родители. Отдельные слова благодарности наставникам Санжару Бегдаиру и Ринату Илюсизову за профессионализм, поддержку и веру в ребят.

Уверен, что этот успех станет прочным фундаментом для будущих достижений и откроет новые горизонты. Желаю вам не останавливаться на достигнутом и смело подниматься выше на пути к знаниям и процветанию нашей страны!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

25 желтоқсан 2021 Құрмет грамотасы
25 желтоқсан 2021 Құрмет грамотасы
01 қазан 2021 Марапаттаулар