Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
тамыз
2025

" АЛҒЫС ХАТ"

АЛҒЫС ХАТ

Құрметті Қасымбеков Абзал Аманкелұлы!

Мемлекет басшысы еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті жоғары бағалау мақсатында жұмысшы мамандардың еңбегін насихаттау мен қолдауды басты міндеттердің бірі ретінде қоя отырып, биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады.
Сіздің еңбегіңіз бен кәсібилігіңіз білім ұясының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, жас ұрпақтың білім алуына қолайлы жағдай жасап отыр. Оқу мекемесінің тазалығы мен жайлылығы, жөндеу жұмыстарын жүргізу, техникалық жүйелерді бақылау мен қамтамасыз ету – бәрі де Өзіңіздей білікті маманның тынымсыз жұмысының арқасында жүзеге асып келеді.
Білім саласында қызмет етіп, өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, міндеттеріңізді адал атқарып жүргеніңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық тілеймін.

Ізгі ниетпен,
МИНИСТР Г. БЕЙСЕМБАЕВ
Астана, 2025
БЛАГОДАРСТВЕННОЕ ПИСЬМО

Уважаемый Касымбеков Абзал Амангелович!

В целях высокой оценки вашего трудолюбия и профессионализма Глава государства объявил этот год «Годом рабочих профессий», поставив одной из главных задач поощрение и поддержку труда рабочих специалистов.
Ваш труд и профессионализм обеспечивают жизнедеятельность и благополучие образовательного учреждения, создают благоприятные условия для обучения подрастающего поколения. Чистота и уют учебного заведения, проведение ремонтных работ, контроль и обслуживание технических систем — всё это достигается благодаря неустанному труду такого квалифицированного специалиста, как вы.
Выражаю искреннюю благодарность за ваш труд в сфере образования, ответственный подход к работе и добросовестное исполнение своих обязанностей.
Желаю вам крепкого здоровья, семейного счастья и благополучия.

С наилучшими пожеланиями,
МИНИСТР Г. БЕЙСЕМБАЕВ
Астана, 2025

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: