Ақпарат » Страница 92 » КГУ "Школа-гимназия №110" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы "Көркем еңбек" және "Дизайн" пәні ұстаздарының "Ғасырлар толғауы" тақырыбындағы республикалық онлайн көрмесі
08
желтоқсан
2020
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы "Көркем еңбек" және "Дизайн" пәні ұстаздарының "Ғасырлар толғауы" тақырыбындағы республикалық онлайн көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі Өскенбай Жасұлан Әбиұлы дипломмен марапатталды және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған ҚР Көркем еңбек пәні ұстаздарының "Бабалар аманаты" журналына үздік шығармалары мен туындыларының
Жиналыс
08
желтоқсан
2020
Жиналыс
2020 жылдың 7 желтоқсаны күні, Жетісу ауданы "Nur Otan" партиясы филиалының тапсырмасына сәйкес, N110 мектеп-гимназияда БПҰ мүшелерімен партияның әрбір мүшесі өзінің күн сайынғы адал еңбегімен қоғамдық-саяси тұрақтылығын ұлттық бірлігі мен қоғамдағы келісімін нығайтып экономикалық жағынан мықты демократиялық мемлекет құруға шақыру мақсатында "Партия мүшелерінің этикалық кодексін сақтау" тақырыбында онлайн фарматта жиналыс өткізді
Әдістемелік-тәжірибелік онлайн-конференция...
03
желтоқсан
2020
Әдістемелік-тәжірибелік онлайн-конференция...
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясының 50 ұстазы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27 қарашасы күні "Сабақты зерттеу(LESSON STUDY): Қазақстандық мектептердің тәжірибесі" тақырыбында аймақтық әдістемелік-тәжірибелік онлайн-конференцияға қатысып, сертификатқа ие болды.  
1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар
03
желтоқсан
2020
1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар
Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясында 1-Желтоқсан ҚР-ның Тұңғыш Президент күніне орай 1-11 сыныптар арасында 2020 жылдың 30 қарашасы күні бірыңғай ашық сабақтар өтті және "Балалық шағымның аспаны", "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмдері көрсетіліп, дөңгелек үстел, тәрбие сағаттары өтті. 
Тәрбие сағаты
03
желтоқсан
2020
Тәрбие сағаты
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, 6"Г" сынып жетекшісі Гулмира Бекенова "ЕЛБАСЫ-ЕЛ МАҚТАНЫШЫ" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
"ЖАС ҰЛАН" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
03
желтоқсан
2020
"ЖАС ҰЛАН" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2020 жылдың 30 қарашасы күні, Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясында Республикалық бірыңғай "ЖАС ҰЛАН" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына онлайн-форматта оқушылар қабылданды.
Мектепішілік олимпиада
28
қараша
2020
Мектепішілік олимпиада
Алматы қаласы Білім басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы "2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндерден олимпиада өткізу туралы" бұйрығы негізінде және Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес N110 мектеп-гимназияның 8-11 сынып оқушылары арасында 26, 27-қарашада мектепішілік пәнаралық олимпиада өткізілді. Мектепішілік олимпиададан І,ІІ-орын алған оқушылар аудандық пән олимпиадасына жолдама алды.
Республикалық ғылыми-практикалық конференция
28
қараша
2020
Республикалық ғылыми-практикалық конференция
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті 27 қараша 2020 жылы "Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында" атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды. Осы конференцияға біздің мектеп-гимназиямыздың ұстазы Чотаева Айжан Кәкімғажықызы қатысып, өз баяндамасын оқыды. Және де мақалалары осы университет жинағында жарық көрді. Алғыс хатпен марапатталды.