13
наурыз
2025
"ДосболLIKE"
2025 жылдың 12 наурызында “Досболайық” жобасы аясында “Бірге мейірімді әлем құрайық!” атты шеберлік сабағы өтті. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Қамбарова М.Д., Әуелхан Ә.М., Ескермесов Ж.Е., Өскенбай Ж.А. шараны ұйымдастырды. Шеберлік сабағы мектептің фойесінде өтіп, ерекше шығармашылық атмосфера орнады. Оқушылар мен ұстаздар бірлесе сурет салып, өнер арқылы мейірімділік пен достықты бейнеледі.






