13
наурыз
2025
"Ас үйдегі татулық"
"Досболайық" бағдарламасы аясында 1 "А" сынып жетекшісі Қарсыбаева Н.Б. асхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, "Ас үйдегі татулық" атты шеберлік сабағын көрсетті. Іс-шара мектеп қызметкерлері мен оқушылар арасында ынтымақтастық пен татулықты нығайту, сондай-ақ оқушыларға ас үй мәдениеті мен денсаулықты сақтау дағдыларын үйрету болды. Шеберлік сабақ барысында оқушылар өз қолдарынан тағамдар дайындап, асхана қызметкерлерінің тәжірибесімен танысып, дәстүрлі тағамдардың құпиялары мен әдістерін меңгерді. Осы іс-шара арқылы қатысушылар бір-біріне дос болуға шақырылып, ынтымақтастық пен шығармашылықтың маңызын тереңінен ұғынды.