Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
қазан
2025

«Ұлттық киім күні»

«Ұлттық киім күні»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурызда Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында және 2025 жылғы 14 наурызда өткен төртінші отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың (3.7-тармақ) негізінде, ұлттық стильдегі киім кию дәстүрін дәріптеу және насихаттау мақсатында №110 мектеп-гимназиясында «Ұлттық киім күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен мұғалімдерге ұлттық киімнің ерекшелігін, сәндік үлгісін, тарихын таныстыра отырып, ұлттық мәдениетті бағалауға және құрметтеуге баулу. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын дәріптеп, ұлттық сана мен патриоттық рухты арттыру.

Іс-шараға мектептің 1–11 сынып оқушылары мен ұстаздары белсене қатысып, әртүрлі ұлттық нақыштағы киім үлгілерін киіп, сән мен рухты үйлестіре білді. Бұл күн оқушылар үшін танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шара ретінде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: