26
сәуір
2018
Жүзден - жүйрік,мыңнан - тұлпар
Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияда 01.03.-10.03.2018ж.аралығында бастауыш сыныптардың "Ғылым-теңіз, білім-қайық" атты онкүндік аясында "Жүзден - жүйрік,мыңнан - тұлпар" тақырыбында математика пәнінен 2"Б" сынып жетекшісі Баян Ускенбаева және 2"В" сынып жетекшісі Маржан Аблаеваның ұйымдастыруымен сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып, логикалық ойлауын дамыту. Есептеу дағдыларын жетілдіру, математикалық тілде сөйлеуге дағдыландыру.Логикалық тапсырмалар арқылы жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту және қалыптастыру.