17
желтоқсан
2020
«СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
«СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ»
ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Бүгін «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған дәстүрлі онлайн адалдық сағаты өтті.
Сәкен Сейфуллин – мемлекет және саяси қайраткер, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерлерінің тобына жатады.
Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім-ғылымына деген адалдығы. Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болған кезінде білім алушы жастарға алғаш рет шәкіртақы тағайындап, «қазақ жастары әлемнің мықты оқу орындарында білім алуы тиіс» деген идея көтерді.