Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Таэквондо
01
наурыз
2021
Таэквондо
Таэквондодан Райымбек батыр спорт клубының ашық біріншілігінде Алматы қаласы Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның жас таеквондистері жүлделі 🥇🥈🥉орын жеңімпаздары атағына ие болды. Жауапты тренері Рауан Көмекбаев. ЖАРАЙСЫЗДАР!!!👏🏻👏🏻👏🏻 ЖЕҢІСТЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Бокстан жарыс
28
ақпан
2021
Бокстан жарыс
Алматы қаласы бойынша өткен бокстан ашық турнирде N110 мектеп-гимназияның 5 "Г" сынып оқушысы Қырғызбай Ильяс жүлделі ІІІ🥉орын жеңімпазы атанды. ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!👏🏻👏🏻
Таэквондо
28
ақпан
2021
Таэквондо
Таэквондодан Райымбек батыр спорт клубының біріншілігінде 12-14 жас аралығында 51 келі салмақ дәрежесінде ІІІ🥉орын жеңімпазы атанған N110 мектеп-гимназияның 8 "Б" сынып оқушысы Шідерхан Дінмұхамедті жеңісімен құттықтаймыз!!!👏🏻👏🏻👏🏻 Таэквондодан Райымбек батыр спорт клубының ашық біріншілігінде 10-11 жас аралығында 38 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ🥈орын жеңімпазы атағына ие болған N110 мектеп-гимназияның 5 "Г" сынып оқушысы Шідерхан Аруна дипломмен марапатталды.
Олимпиада
27
ақпан
2021
Олимпиада
Астана оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "ЗЕРДЕЛІ ОҚУШЫ" атты Республикалық бастауыш 1-сыныптар арасында өткен Математика пәні бойынша олимпиадаға N110 мектеп-гимназияның 1 "В" сынып оқушысы Тулегетай Айша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін жүлделі I🥇орын жеңімпазы атанды. Жауапты жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Устабекова Айнур Ермухановна. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!🌹🌹🌹
Мұқағали оқуларын мәнерлеп оқудан жарыс
25
ақпан
2021
Мұқағали оқуларын мәнерлеп оқудан жарыс
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «МЫҢ БАЛА» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Қазақтың ұлы ақыны «Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай» өлеңдерін мәнерлеп оқу Республикалық шығармашылық байқауына «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін №110 мектеп-гимназияның 1 «Г» сынып оқушысы Жумаханов Алмас жүлделі І🥇орын жеңімпазы атанды. «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша оқушысын белсенді қатыстырып білім
Көркем сурет байқауы
22
ақпан
2021
Көркем сурет байқауы
Қазақстан Республикасы "Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізген мүмкіндігі шектеулі жандар мен инклюзивті балаларға арналған "Жыл мезгілдері - 2020" IV Республикалық көркем сурет және фотосурет байқауынан Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның 3 “З” сынып оқушысы Капаров Нурасыл І дәрежелі🥇, 4 “Д” сынып оқушысы Шамханұлы Әмір🥈, 2 “А” сынып оқушысы Әбдіқадыр Нұрислам🥈, 3 “ И” сынып
Шығармашылық байқау
20
ақпан
2021
Шығармашылық байқау
Республикалық "Зерде" желілік басылымының ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқауда жүлделі І орын алғаны үшін N110 мектеп-гимназияның 1"А" сынып оқушысы Омаров Жігер Мұқағали Мақатаевтың "Үш бақытым" және "Табиғатым қандай көркем" бейнелеу өнері бағыты бойынша Дипломмен марапатталды. Жарайсың, Жігер!!!🥇🥇🥇 Байқауға қатысқан шәкірті жүлделі орын алғаны үшін жауапты бастауыш сынып мұғалімі Ускенбаева Баян Батырхановна Құрмет грамотасымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!🌹🌹🌹
Мұқағали оқуларының жеңімпаздары
13
ақпан
2021
Мұқағали оқуларының жеңімпаздары
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды. Ол - қазақ поэзиясына қайталанбас туындыларымен, отты жырларымен келген ақын. Өз шығармалары арқылы ХХІ ғасыр ұрпағының нағыз құрдасы бола білді. Алматы қаласы Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның 5«Б»сынып оқушылары ақын өлеңдерін шебер орындап, Республикалық М. Мақатаев оқуларының жеңімпаздары атанып, жүлделі орындармен мапапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!👏🏻👏🏻👏🏻
"Тайжарыс-талант"
13
ақпан
2021
"Тайжарыс-талант"
"ТАЙЖАРЫС-ТАЛАНТ" ҚҚ ұйымдастырған “SCENE OF ART S” ІІ Халықаралық байқауына Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның "БАЛДӘУРЕН" би тобы қатысып, БАС ЖҮЛДЕ жеңімпаздары атанды. Би үйірмесінің жетекшісі Жексембиева Самал Азатжанқызы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!🌹🌹🌹
"Жас Ұлан"
11
ақпан
2021
"Жас Ұлан"
"Жас Ұлан" Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы 2021 жылғы Ұланбасының "Отан" бағыты бойынша орынбасары болып Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның 9 "А"сынып оқушысы Магазумов Алибек тағайындалды. Жарайсың, Алибек!!!👏🏻👏🏻👏🏻 Жауапты жетекшісі аға тәлімгер Алайдарова Гаухар Руслановна Алғыс хатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!