25
қараша
2025
«Көкөніс айы» бағдарламасы

2025 жылдың 17 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №110 мектеп-гимназиясында 3-сынып оқушылары үшін «Көкөніс айы» бағдарламасы аясында ашық сабақтар өткізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың көкөністердің пайдасы жөніндегі білімін арттыруға және дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті. Сабақ соңында барлық қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.