22
қазан
2025
Құрметті Перизат Пернеханқызы!
Құрметті Перизат Пернеханқызы!
Сізді Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясының мақтанышы, қазақ тілі мен әдебиетінің жанашыры, ізденімпаз ұстаз, педагог-зерттеуші ретінде шәкірт жүрегінен орын алып, ұстаздар қауымының биік құрметіне бөленуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі күн – Сіздің ерен еңбегіңіздің, жас ұрпаққа деген шексіз махаббатыңыздың, ұстаздық жолға адалдығыңыздың жемісі. Алматы қаласының көшесіне, жарқыраған билбордқа Сіздің бейнеңіздің ілінуі – ең алдымен ұстазға деген халықтың алғысы мен құрметінің белгісі.
Сізден білім алған әрбір шәкірт бойына имандылық пен ізгілікті, туған тілге, әдебиет пен мәдениетке деген сүйіспеншілікті сіңіреді. Ұстазға тән асыл қасиеттердің барлығы өз бойыңыздан табылады.
Сізге шығармашылық табыс, денсаулық, отбасыңызға амандық, шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындыруын тілейміз!
Еңбегіңіздің жемісі баянды, мерейіңіз әрдайым үстем болсын!