Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
" 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні "
02
мамыр
2025
" 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні "
Қазақстан көптеген жылдар бойы көптеген ұлттар мен ұлыстардың Отаны болып келеді. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын туғанындай көреді. Осыған орай, қазақстандықтардың басын біріктіретін бірден-бір мереке – 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні деп атап өтілуде. Аталған мерекеге байланысты түрлі құттықтауларды ұсынамыз.
«Баланың ақылы - оның саусағында»
02
мамыр
2025
«Баланың ақылы - оның саусағында»
«Баланың ақылы - оның саусағында» В.А.Сухомлинский Ұсақ моторика - қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы, танымдық құбылыстың негізі. Осы орайда, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әр жұма сайын өткізілетін «Ұлттық құндылықтар» күніне байланысты 6-сынып оқушылары «Қара жорға» әуенімен бірге асықтар арқылы әуен үндестігін қимылмен орындады. Жауапты сынып жетекшілер: 6 “А” с.ж. - Ш.М. Ахметова 6 “Б” с.ж. - А.Р.Аубакирова 6 “В” с.ж. - А. Бейбітқызы
"1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні"
02
мамыр
2025
"1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні"
1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу мақсатында оқушылар арасында іс- шара ұйымдастырылды.
“Үздік  сценарий” номинациясы
02
мамыр
2025
“Үздік сценарий” номинациясы
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығы. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жыл толуына орай “Батырлар сөйлейді…” атты қалалық әлеуметтік жобаға N110 мектеп- гимназияның 4ж,4з сынып оқушылары қатысып I ДӘРЕЖЕЛІ диплом “Үздік сценарий” номинациясына ие болды. Жауапты сынып жетекшілері: Тенгибаева Регина Канатовна, Спиридопуло Василина Сергеевна ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
“Батырлар сөйлейді…”
02
мамыр
2025
“Батырлар сөйлейді…”
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жыл толуына орай “Батырлар сөйлейді…” атты қалалық әлеуметтік жобаға N110 мектеп- гимназияның 4ж,4з сынып оқушылары қатысып “Үздік сценарий” номинациясына ие болды. Жауапты сынып жетекшілері: Тенгибаева Регина Канатовна, Спиридопуло Василина Сергеевна.