Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"28 Панфиловшылар саябағында мәңгілік алау алдында өткізілген салтанатты шеру"
08
мамыр
2025
"28 Панфиловшылар саябағында мәңгілік алау алдында өткізілген
Ұлы Отан соғысының жеңісіне 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған 28 Панфиловшылар саябағында мәңгілік алау алдында өткізілген салтанатты шеруге N110 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушылары қатысты. Бұл маңызды шараның мақсаты - жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті ұялату, Ұлы Отан соғысы кезінде жанын қиған ерлердің ерлігін ұлықтау, ардагерлерге тағзым ету болды. Жетекшісі Алғашқы Әскери және Технологиялық дайындық пәні ұйымдастырушы оқытушысы лейтенант Идирисов Ғани Ауелбекұлы.
"Оқушылар мен соғыс ардагерінің кездесуі"
08
мамыр
2025
"Оқушылар мен соғыс ардагерінің кездесуі"
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында N110 мектеп- гимназия оқушылары Айнабұлақ ықшам ауданында тұратын 97 жастағы соғыс ардагері Атыгаева Светлана Александровнамен кездесіп, құттықтап қайтты. Оқушылар мен соғыс ардагерінің кездесуі ерекше жылулық пен рухани байланысқа толы сәт болды. Жас буынның ардагерге деген құрметі мен алғысы – өткеннің ерлігіне деген тағзымның жарқын көрінісі. Бұл кездесу оқушылардың отансүйгіштік рухын нығайтып, тарихқа деген құрметін арттыра