Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы
22
қазан
2025
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы: «БП – Жаңа Қазақстанды құрудың механизмдерін ұсынады» Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарасын еркін білдіре алуына мүмкіндік жасау, ел болашағына қатысты өзекті мәселелерге байланысты өз ұсыныстарын ортаға салып, шешім табуға баулу. Азаматтық ұстанымы бар, белсенді, жаңашыл ойлайтын тұлға тәрбиелеу. Дебат жетекшісі: Садыкбеков Ильяс Садуакасович
Құрметті Перизат Пернеханқызы!
22
қазан
2025
Құрметті Перизат Пернеханқызы!
Құрметті Перизат Пернеханқызы! Сізді Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясының мақтанышы, қазақ тілі мен әдебиетінің жанашыры, ізденімпаз ұстаз, педагог-зерттеуші ретінде шәкірт жүрегінен орын алып, ұстаздар қауымының биік құрметіне бөленуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күн – Сіздің ерен еңбегіңіздің, жас ұрпаққа деген шексіз махаббатыңыздың, ұстаздық жолға адалдығыңыздың жемісі. Алматы қаласының көшесіне, жарқыраған билбордқа Сіздің бейнеңіздің ілінуі – ең алдымен
«Шәкіртке бағыт – ұстазға құрмет» атты әдеби-сазды кеш
22
қазан
2025
«Шәкіртке бағыт – ұстазға құрмет» атты әдеби-сазды кеш
№110 мектеп-гимназиясында Ұстаздар күніне орай «Шәкіртке бағыт – ұстазға құрмет» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында оқушылар ұстаздарына деген ыстық ықыластарын жүрекжарды өлеңдер, әсерлі әндер, көріністер мен құттықтаулар арқылы жеткізді. Кештің мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары болды. Мерекелік бағдарлама ұстаздың еңбегін дәріптеп, шәкірт пен мұғалім арасындағы рухани байланысты нығайтуға ықпал етті.
"Дублер күні"
22
қазан
2025
"Дублер күні"
№110 мектеп-гимназиясында Дублёр күніне орай ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн – оқушылар үшін мектеп өміріне басқаша көзқараспен қарап, мұғалімдердің еңбегін тереңірек түсінуге тамаша мүмкіндік болды. Оқушылар бір күнге мұғалім, тәрбиеші, директор сынды қызметтерді өз мойындарына алып, жауапкершіліктің не екенін сезінді. Бұл тәжірибе балалардың өз-өздеріне деген сенімдерін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.