Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2025 года » Страница 5
"Ата-аналар жиналысы"
07
қазан
2025
"Ата-аналар жиналысы"
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет» тақырыбында 2025 жылдың 1 қазан күні қалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, мектеп пен отбасы арасындағы байланыс пен өзара әрекетті нығайту, ата-аналарға қауіпсіздік шаралары туралы нақты ақпарат беру болды. Іс-шара барысында балалардың мектептегі, жолдағы, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу,
Ұстаздар күніне орай оқушылардың дайындаған креативті видеолары
07
қазан
2025
Ұстаздар күніне орай оқушылардың дайындаған креативті видеолары
Ұстаздар күніне орай оқушылардың дайындаған креативті видеолары – алғыстың, құрметтің, ризашылықтың жарқын көрінісі болды. Әр бейнероликтен ұстазға деген ыстық ықылас, шынайы сезім мен шығармашылық шеберлік сезіліп тұр. Жас жүректердің осындай ізгі ниеті – ұстаз еңбегінің еленгені деп білеміз. Барша оқушыларға алғыс білдіреміз! 💐📹✨
«Қарттарды құрметтеу – ұлттық дәстүр» атты тағылымды кездесу кеші
07
қазан
2025
«Қарттарды құрметтеу – ұлттық дәстүр» атты тағылымды кездесу кеші
Қазақ халқының ежелден келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі – үлкенге құрмет көрсету. Осының дәріптеу мақсатында №24 кітапханада «Қарттарды құрметтеу – ұлттық дәстүр» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары: аяулы ұстаз, талай шәкіртті тәрбиелеген Шымбергенова Ұлбала, өмірге құштарлығымен үлгі болып жүрген Тұрсынай Есімханова арнайы шақырылды. Сонымен қатар №110 мектеп-гимназиясының оқушылары көрермен әрі белсенді қатысушы болды. Кеш барысында
«Қарты бар үй – қазыналы шаңырақ» тақырыбында суреттер көрмесі
07
қазан
2025
«Қарты бар үй – қазыналы шаңырақ» тақырыбында суреттер көрмесі
Қарттар күніне орай №110 мектеп-гимназиясында «Қарты бар үй – қазыналы шаңырақ» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларды үлкенге құрмет көрсетуге, қарттарды қадірлеуге тәрбиелеу және олардың өмірлік тәжірибесіне деген құрмет сезімін арттыру. Көрме барысында оқушылар өздерінің жүрек жылуымен салған шығармашылық туындыларын ұсынып, қарттарға деген ыстық ықыластарын сурет тілімен жеткізе білді.
«Ғылым мен жасанды интеллект – жаңашылдықтың бастауы»
02
қазан
2025
«Ғылым мен жасанды интеллект – жаңашылдықтың бастауы»
Бүгін N110 мектеп-гимназиямызда «Ғылым мен жасанды интеллект – жаңашылдықтың бастауы» атты магистрлер айлығының ашылу салтанаты болып өтті. Бұл айлық болашақ көшбасшылар мен жаңалық жаршыларына арналған үлкен қадам. Жасанды интеллект – ХХІ ғасырдың қозғаушы күші. Ал ғылым – соның берік іргетасы. Бүгінгі күн – тек мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар, терең ой мен тың идеяларға жол ашатын сәт. Әрбір сәт , әрбір сөз – ертеңгі күннің іргетасын қалайтын магистрлерге шабыт береді. Алдағы уақытта