Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Желтоқсан 2025 года » Страница 5
"Құқықбұзушылықтың алдын алу"
05
желтоқсан
2025
"Құқықбұзушылықтың алдын алу"
5–10 сыныптар арасында мектеп инспекторымен бірлесіп құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: - Оқушыларға жаңа жыл мерекесі қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды (фейерверк, петарда, т.б.) қолданудың қауіптілігі туралы түсіндіру; - Құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп пен жауапкершілікке баулу; - Мектеп оқушылары арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жарақат алу қаупінен сақтандыру.
Салтанатты шеру "Атақты спортшы Назым Қызайбай мен  кездесу"
05
желтоқсан
2025
Салтанатты шеру "Атақты спортшы Назым Қызайбай мен кездесу"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп - гимназиясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай , Қазақстанның 14 дүркін, Әлемнің 3 дүркін чемпионы, 2024 жылы Парижде өткен Жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбаймен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбайдың спорттық жолы арқылы жас ұрпаққа табандылық, жігер, еңбексүйгіштік қасиеттерін үлгі ету, оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру.
"Жетістіктеріміз"
04
желтоқсан
2025
"Жетістіктеріміз"
Жетісу ауданы, Ұлттық мектеп лигасы 7-8 сыныптар арасындағы, волейбол жарысынан І орын алғаны үшін N110 мектеп-гимназияның Қыздар командасы мараппатталады. Құттықтаймыз💐
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы
04
желтоқсан
2025
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы
110 мектеп- гимназиясында "Гендерлік зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн іс -әрекет" акциясы аясында мектепішілік шахмат жарысы өтті. 1 орынды 5 сынып оқушысы Үсенов Салимхан, 2 орынды 7 сынып оқушысы Жұмаділов Арсен, 3 орынды Азатбақыт Мейірім мен Жеткергенов Нұрадлет иеленіп алтын, күміс, қола медальдармен марапатталды.
"Жетістіктеріміз"
04
желтоқсан
2025
"Жетістіктеріміз"
3-ші желтоқсан күні өткен кеңес одағының батыры Алия Молдағулова Нурмухамедқызының 100 жыл толуына орай және ерлігін еске алу мақсатында ұйымдастырылған аудандық "Мерген ару-2025" жарысында мектеп-гимназиямыздың мергендер командасы топ жарып, жүлделі 1-ші орынға ие болып қалалық кезеңге жолдама алды. Құтты болсын! Жеңісті күндеріңіз көп болсын демекбіз. Жетекшісі Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Идрисов Ғани Әуелбекұлы.
"Кешкі рейд"
03
желтоқсан
2025
"Кешкі рейд"
Кешкі рейдке №110 мектеп-гимназия мұғалімдері мен ДТІЖО шықты. Мақсаты: - Сағат 22:00-ден кейін оқушылардың көшеде жүрмеуін қадағалау; - Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - Түнгі уақытта заң бұзушылықтың алдын алу; - Ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және оқушылардың тәртібін бақылау.
"Зорлық зомбылықсыз 16 күн" акциясы
03
желтоқсан
2025
"Зорлық зомбылықсыз 16 күн" акциясы
2025 жылдың 2 желтоқсан күні 7 сынып оқушыларына "Зорлық зомбылықсыз 16 күн" акциясы шеңберінде "Өмір -ең қымбат құндылық" және "Қиын жағдайдан шығу жолдары" тақырыбында тренинг өткізілді.