Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Кәсіптік бағдар беру"
27
ақпан
2026
"Кәсіптік бағдар беру"
Бүгін мектебімізге профориентациялық жұмыс жүргізу мақсатында Алматы техникалық-экономикалық байланыс колледжінің өкілдері келіп, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, талапкерлерге қажетті бағыт-бағдар көрсетілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға пайдалы мәліметтермен танысты. Қонақтарымызға алғыс білдіреміз!
"Алғыс айту күніне орай - Жақсылып жасап жарысайық "
27
ақпан
2026
"Алғыс айту күніне орай - Жақсылып жасап жарысайық "
"Алғыс айту күніне орай -  6 "Г" сынып оқушылары мен ата-аналары алғыс тілектерін  білдіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білді.
"Жетістіктеріміз"
26
ақпан
2026
"Жетістіктеріміз"
№110 мектеп-гимназиясының оқушылары КГУ ОШ №66 базасында өткен «Менің мамандығым» атты байқауға қатысты. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 14 мектептің ішінен біздің команда жүлделі 3-орынға ие болды.  Жетістігімізбен мақтанамыз, байқауды ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
"Жетістіктеріміз"
26
ақпан
2026
"Жетістіктеріміз"
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен өткен Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай "Листая страницы" атты қалалық сурет - иллюстрация байқауында МГ №110 оқушысы 3 дәрежелі дипломмен 6 "д" сынып оқушысы Рахимова Камиля марапатталды, жетекшісі: Абдуалиева У.С
"Бірлік бар жерде-тірлік бар"
25
ақпан
2026
"Бірлік бар жерде-тірлік бар"
25 ақпан 2026 жыл Бүгін №110 МГ оқушылары мен ұстаздары мектеп ауласын қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Қар қалың жауғанына қарамастан, барлығы бірлесе еңбек етіп, ауламызды таза әрі қауіпсіз аймаққа айналдырды.
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған іс-шара
25
ақпан
2026
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған іс-шара
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай, 8 сынып оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған буктрейлер ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен тереңірек таныстыру; Ақын мұрасының тәрбиелік, рухани құндылығын насихаттау.
"Парасат" кітап клубы
24
ақпан
2026
"Парасат" кітап клубы
"Парасат" кітап клубы өз жұмысын жалғастыруда! "Оқитын ұлт-кітап клубы" жобасы аясында №110 мектеп-гимназия оқушылары кезекті отырыста қазақ әдебиетінің асыл мұраларын талқылады. Бұл жолы оқушылар Абырай Алтынсариннің "Таза бұлақ" әңгімесі мен Бейімбет Майлиннің "Шұғаның белгісі" шығармасын бірге оқып, терең талдау жасады. Кітап клубының мақсаты- оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби ойлау қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
"От чистого сердца"
24
ақпан
2026
"От чистого сердца"
Ученики 2 "З" класса вместе с родителями и классным руководителем Бокотовой А.Е. приняли активное участие в благотворительной акции "От чистого сердца". Доброта и отзывчивость детей-это маленькие, но очень важные поступки, идущие от большого сердца! Классный руководитель: Бокотова А.Е.