05
ақпан
2026
"Ауған соғысының ардагерлерімен тағылымдық кездесу"

2026 жылғы 5 ақпанда Алматы қаласындағы №110 мектеп-гимназияда Ауған соғысының ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге қатысты:
* Халафов Ғабиль Имамеддинұлы – отставкадағы полковник, 74261 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ауған соғысы ардагерлерінің үйлестіру кеңесінің мүшесі, Офицерлер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Нұрмағамбетов атындағы Әскери институттың ардагері, Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің иегері.
* Усталов Владимир Иванович – отставкадағы сержант, Ауған соғысының ардагері.
* Бурмистров Михаил Михайлович – отставкадағы сержант, Ауған соғысының ардагері.
* Мұнайтбасов Аргенбек Төлегетаевич – отставкадағы подполковник, «Қызыл Жұлдыз», «Ерлігі үшін» ордендерінің, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалдарының иегері. Ауғанстанда десанттық-шабуылдау ротасы командирінің орынбасары болып қызмет атқарған, кейін барлау-диверсиялық топ құрамында қызмет атқарған.
Кездесу барысында ардагерлер өздерінің жауынгерлік жолы, әскери қызметтің қиындықтары, ерлік пен отансүйгіштік туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, ардагерлер патриоттық және әскери әндерді орындап, іс-шараның әсерлі әрі тәрбиелік мәнін арттырды.
Іс-шара оқушылардың жүрегіне рухани күш, елін қорғаудың қасиетті борыш екенін ұғындырды.