20
ақпан
2026
"Сейсмикалық жаттығу"

№110 мектеп-гимназиясында жоспарлы сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды.
Оқушылар мен ұстаздар жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін пысықтап, эвакуациялау тәртібін тәжірибе жүзінде орындады.
Жаттығу барысында барлық сыныптар қауіпсіз аймаққа шығарылып, түгендеу жүргізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Қауіпсіздік-басты назарда!