13
сәуір
2026
Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына!Алматы қ. Білім басқармасының «№110 мектеп-гимназия» КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға тыйым салынады.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.
Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.
Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.