Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
мамыр
2026

"Ұлы Отан соғысының 81 жыл"


Ұлы Отан соғысының 81 жылдығына орай мектебімізде тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор салтанатты іс-шара өтті. Осы іс-шараға оқушылардың ата-әжелері қатысып, кеш барысында жақсы көңіл күйде отырып, мерекелік бағдарламаны тамашалады. Оқушылар патриоттық әндер орындап, жүрек тебірентер өлеңдер оқып, көріністер қойды.
Іс-шара кезінде бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым жасалды. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет дарытып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Бейбіт аспан мен тыныш өмірдің қадірін ұғындыратын бұл мереке барша жанның жүрегінде ерекше әсер қалдырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: