30
сәуір
2026
"Суды үнемде - болашақты сақта"
2026 жылдың 30 сәуір күні 110 мектеп-гимназиясында 10-11 сынып оқушыларына «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында түсіндірме сынып сағаты өткізілді.Іс-шара барысында оқушылар акт залда жиналып, эко-сағатты YouTube платформасы арқылы онлайн форматта тамашалады. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға су ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы түсінік беру болды.
Онлайн эфирде су ресурстарын сақтау, оның маңыздылығы, қазіргі экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары жөнінде маңызды ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, сала мамандарының пікірлері тыңдалып, оқушыларға пайдалы мәліметтер берілді.
Іс-шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, суды үнемдеу әр адамның міндеті екендігін түсінді.
Сынып сағаты өз мақсатына жетіп, оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізді.