Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Инновациялық мектеп ортасы: дәстүр заманауи педагогика және жасанды интеллект үндесуі" тақырыбында семинар өткізілді.
21
мамыр
2026

"Инновациялық мектеп ортасы: дәстүр заманауи педагогика және жасанды интеллект үндесуі" тақырыбында семинар өткізілді.

2026 жылдың 21 мамыры күні №110 мектеп-гимназиясында "Инновациялық  мектеп ортасы: дәстүр заманауи педагогика және жасанды интеллект үндесуі"  тақырыбында аудандық  семинар өткізілді. Бұл кездесу ұлттық рух пен заманауи білімнің үйлесім тапқан ерекше
алаңы болды. Шетелдік тағылымдама негізінде жинақталған тәжірибелер мен жыл бойы атқарылған жобалар ашық аспан астында кеңінен насихатталып, мазмұнды түрде қорытындыланды.
Семинардың мақсаты:
Білім беру үдерісінде ұлттық дәстүрлермен құндылықтарды сақтай отырып, заманауи педагогикалық тәсілдер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді кіріктіру арқылы инновациялық мектеп ортасын қалыптастыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқыту сапасын жетілдіру.
Семинар барысында ұлттық құндылықтарымыз бен халқымыздың салт-дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйретудегі тиімді әдіс-тәсілдер мен заманауи форматтар таныстырылды. Бұл шара тек тәжірибие алаңы ғана емес, ұлттық мәдениет пен тілге деген құрметті, білімге деген қызығушылықты арттырған тағылымы мол кездесу болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: