25
мамыр
2026
«Мектебім жүрегімде!» атты мерекелік іс-шара түлектердің бітіру кеші.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар және аяулы түлектер!
Бүгін №110 мектеп-гимназия үшін ерекше де толғанысты күн. Мектеп қабырғасында білім алып, балалықтың бал дәуренін өткізген 11-сынып түлектеріне арналған «Мектебім жүрегімде!» атты Соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Көптен күткен соңғы қоңырау үні сыңғырлап, түлектер үшін балалық шақпен қоштасудың символына айналды. Бұл күн - мектеппен қоштасу ғана емес, үлкен өмірге бастар жаңа қадамның бастауы.
«Мектебім жүрегімде!» атты мерекелік жиын түлектердің жадында мәңгі сақталатын ерекше күн болды. Мектептен алған тәлім мен тәрбие, ұстаздардың ыстық ықыласы әрқашан олардың жүрегінде сақталары анық.
Түлектерге сәт сапар, жарқын болашақ және үлкен жетістіктер тілейміз!