Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахмат ойыны
16
наурыз
2021
Шахмат ойыны
Шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында N110 мектеп-гимназияның "Ақбозат" үйірмесінің жас шахматшылары арасында сайыс ұйымдастырылды.
Арқан тартыс жарысы
16
наурыз
2021
Арқан тартыс жарысы
Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдалану, қоғамымыздың ірге-тасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларын, ұлттық салт-сананы бойына сіңіре отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 5-сынып оқушылары арасында қазақтың ұлттық ойындарының бірі арқан тартыс сайысы өтті.
Қолөнер көрмесі
16
наурыз
2021
Қолөнер көрмесі
Оқушыларды қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету, әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында N110 мектеп-гимназияда ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ 22 НАУРЫЗ мерекесі қарсаңында "Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі" атты қолөнер көрмесін көркем еңбек пәні мұғалімдері өткізді.
Алғыс хат
16
наурыз
2021
Алғыс хат
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық конкурсының жеңімпаз-жүлдегерін дайындап, ел болашағы - ойы ұшқыр, білімді, парасатты жас дарынды тәрбиелегені үшін Алматы қаласы Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның химия пәнінің мұғалімі Джумагалиева Лаззат Рустемовна АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды. Еңбегіңізге шығармашылық табыс тілейміз!!!🌷🌷
"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар..." атты қалалық Мұқағали оқулары байқауы
15
наурыз
2021
"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар..." атты қалалық Мұқағали оқулары
Алматы қаласы Білім Басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар..." атты қалалық Мұқағали оқулары байқауына Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның оқушылары қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары атанды. 2"Е" - Лысков Глеб І🥇орын, пән мұғалімі Иманбаева М.О.; 3"Б" - Жанатқызы Күнім 1🥇орын, пән мұғалімі Жиенбаева
"Аналар мәңгі жасасын" байқауы
15
наурыз
2021
"Аналар мәңгі жасасын" байқауы
Еліміздің талантты балалары V Республикалық "Аналар мәңгі жасасын!" байқауына N110 мектеп-гимназияның 8 "Д" сынып оқушысы Аданова Айназик қатысып, әлемнің жарығы, әр шаңырақтың нұры болған аналар мен аруларға арналған сайыста талантымен топ жарып, "Аспапта ойнау" және "Дәстүрлі ән" айту номинациялары бойынша БАС ЖҮЛДЕ жеңімпазы атағын жеңіп алды. Жарайсың, Айназик!!!🌷🌷🌷
"БАЛА ДАРЫН" балалар мен жасөспірімдер байқауы
15
наурыз
2021
"БАЛА ДАРЫН" балалар мен жасөспірімдер байқауы
"БАЛА ДАРЫН" балалар мен жасөспірімдер байқауы жобасының ұйымдастыруымен оқушылар арасында "Анашым шалқып күлсең..." атты республикалық байқауға Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның оқушылары: 3"Б" - Жанатқызы Күнім, 3 "В" - Ержан Санжар қатысып, "Анама жыр" номинациясы бойынша ерекше өнер көрсеткендері үшін жүлделі І🥇дәрежелі жеңімпаздары атанды. Республикалық байқауға дарынды шәкірттерін дайындағаны үшін жауапты музыка пәнінің мұғалімі Ләззат Оразбаева АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.
Республикалық байқау
15
наурыз
2021
Республикалық байқау
"БАЛА ДАРЫН" балалар мен жасөспірімдер байқауы жобасының ұйымдастыруымен оқушылар арасында "Анашым шалқып күлсең..." атты республикалық байқауға Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның оқушылары: 3"Б" - Жанатқызы Күнім, 3 "В" - Ержан Санжар қатысып, "Анама жыр" номинациясы бойынша ерекше өнер көрсеткендері үшін жүлделі І🥇дәрежелі жеңімпаздары атанды. Республикалық байқауға дарынды шәкірттерін дайындағаны үшін жауапты музыка пәнінің мұғалімі Ләззат Оразбаева АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.
Мектепішілік Poliglot байқауы
14
наурыз
2021
Мектепішілік Poliglot байқауы
Мектеп ішілік poliglot байқауына 3 мұғалім қатысты. Джумагалиева Л.Р 3 орын, Оспанова К.Б 2 орын, Белесова Д.М 1 орын. Қалаға Белесова Д жолдама алды.