Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек" атты шығарма байқауы
14
наурыз
2021
"Қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек" атты шығарма байқауы
Адал ұрпақ тәрбиелеу - қай уақытта болса да, өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Болашақ ұрпаққа тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық - еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс-әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Шәкірттерімізге рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру мақсатында N110 мектеп-гимназияның "Адал ұрпақ" клубының жоспарына сәйкес, 6,7-сынып оқушылары арасында "Қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек"
Байқау- конкурс
13
наурыз
2021
Байқау- конкурс
Құрметті достар! Біз өз ауданымыздың символын жасағымыз келеді, ол символ видео-роликтерде, іс-шараларда және басқа да маңызды оқиғаларда қолданылатн болады. Ол Жетісу ауданының бренді болады. Егер де сіздің жақсы сурет салатын қабілетіңіз болса, жұмыстарыңызды осы почтаға жіберіңіздер: zhetisuraion@gmail.com Байқаудың қорытындысы 17 наурыз күні белгілі болады. Жеңімпаз бағалы сыйлыққа ие болады🎁🎁🎁 Символ қандай болуы керек: 1. Қарлы Барс 2. Жасы 17-18 3. Киімінде Жетісу ауданының логотипі
"30 игі іс" марафоны
10
наурыз
2021
"30 игі іс" марафоны
Оқушыларды қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке баулу мақсатында N110 мектеп-гимназияда Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында "30 игі іс" марафоны жалғасып жатыр. Мейірімділік эстафетасына 6 "Б" сынып оқушылары жетекшісі Жеңіскүл Каракуловамен бірге белсене атсалысып, зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау білдіріп, көмек көрсетуде
Телефон доверия
10
наурыз
2021
Телефон доверия
В школе-гимназии №110 был организован единый телефон доверия для детей и родителей, с целью укрепления семьи, профилактики семейного неблагополучия, стрессовых состояний детей и подростков и защиты законных прав детей
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
09
наурыз
2021
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның 4 «А» сынып оқушысы Серікбек Айсара Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!🌷🌷🌷
Семей сынақ полигоны
09
наурыз
2021
Семей сынақ полигоны
"Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл" толуына орай, N110 мектеп-гимназияның 9 "В" сынып жетекшісі Шахидам Ахметова "Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер айтылып, қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне зиян келтіретіні туралы талқыланды.
Марапаттаулар
05
наурыз
2021
Марапаттаулар
Көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мерекесі қарсаңында Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның информатика пәнінің мұғалімі Тулегенова Райхан Айтуреевна қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегі мен білім беру саласындағы мүлтіксіз атқарған қызметі және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолында көрсеткен жетістіктері, қажырлы еңбектері мен кәсіби