"7 мамыр – Отан қорғаушылар күні"
2026 жылдың 6 мамыр күні мектеп-гимназияда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ер азаматтарды құттықтауға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мектеп-гимназия директоры Р.Б. Әлдіғазы сөз сөйлеп, ер азаматтарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, биыл 60 жас мерейтойын атап өтіп жатқан ұстаздар да арнайы құттықталып, құрмет көрсетілді. Мерекелік бағдарлама аясында “Бейбітшілік сақталады”атты хор орындалды. 8 “Е” сынып оқушылары “Сарбаздар”биін биледі.