12
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік күніне орай өлең оқу сайысы
Алматы қаласы №110 мектеп-гимназияда Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арасында өлең оқу сайысы өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың отаншылдық сезімін арттыру, мемлекеттік мерекеге деген құрметін қалыптастыру және көркем сөз өнеріне қызығушылығын дамыту. Оқушылар өздерінің өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, Тәуелсіздік рухын өлең арқылы жеткізе білді.