Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
04
маусым
2026
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде «Біз нашақорлыққа қарсымыз!»
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты-оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Қатысушылар өз шығармашылық жұмыстары арқылы нашақорлықтың маңыздылығын көрсетті.
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде «Ғажайыптар әлемі» тақырыбында көңілді пикник ұйымдастырылды.
03
маусым
2026
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде «Ғажайыптар әлемі» тақырыбында
Бүгін «Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде «Ғажайыптар әлемі» тақырыбында көңілді пикник ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар таза ауада демалып, түрлі қызықты ойындарға қатысып, белсенді уақыт өткізді. Сонымен қатар, танымдық және көңіл көтеру бағдарламалары ұйымдастырылып, балалар көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді.
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде мектеп психологтарының қатысуымен «Танысайық!» атты танысу тренингі өтті.
03
маусым
2026
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде мектеп психологтарының
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде мектеп психологтарының қатысуымен «Танысайық!» атты танысу тренингі өтті. Тренинг барысында балалар бір-бірімен жақынырақ танысып, өздерін еркін таныстырып, түрлі қызықты жаттығуларға белсенді қатысты. Іс-шара балалардың қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, достық атмосфера қалыптастыруға және лагерьдегі алғашқы күндерді көңілді өткізуге мүмкіндік берді.
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде «Көңілді старт» спорттық эстафетасы өтті.
02
маусым
2026
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде «Көңілді старт» спорттық
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінде «Көңілді старт» спорттық эстафетасы өтті. Балалар әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындап, ептілік пен жылдамдықтарын сынады. Жарысқа «Ертегілер әлемі», «Ғарыш әлемі», «Жазғы бақ», «Гүлдер патшалығы» ұйымшылдық танытып, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер алды.
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінің алғашқы күні сейсмикалық жаттығудан басталды.
01
маусым
2026
«Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінің алғашқы күні сейсмикалық
№110 мектеп-гимназиясында «Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінің алғашқы күні сейсмикалық жаттығудан басталды. Оқушыларға жер сілкінісі кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, эвакуациялық жаттығу жүргізілді. Балалар төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді тәжірибе жүзінде пысықтап, қауіпсіздік талаптарымен танысты. Жаттығу жоғарғы деңгейде, ұйымдастырылып, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Осылайша лагерь жұмысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз
"Жазғы шабыт" мектепішілік  лагерінің алғашқы күні
01
маусым
2026
"Жазғы шабыт" мектепішілік лагерінің алғашқы күні
01 маусым күні №110 мектеп-гимназияда «Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінің «Жазғы қуаныш әлемі» атты салтанатты ашылуы өтті. Лагерьдің алғашқы күні балалар үшін көңілді, қызықты әрі мазмұнды өтті. Ашылу салтанатында балаларға лагерь ережелері таныстырылып, қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар жүргізілді. Топтармен танысып, тәрбиешілерімен байланыс орнатты. Түрлі танысу ойындары ойнатылып, көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Балалар қызығушылықтарына қарай үйірмелерге бөлініп, белсенділік танытты. Алдағы
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Мен бақытты баламын" атты мерекелік іс-шара өтті.
29
мамыр
2026
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Мен бақытты
29.05.2026 күні №110 мектеп-гимназиясында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Мен бақытты баламын" атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Жетісу ауданы қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қалдаров Нұрдаулет және Жетісу аудандық штаттан тыс кеңесшісі Алиев Қайрат қатысты. Мерекелік іс-шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, түрлі ойын сауық бағдарламалары, қызықты мастер класстар және флешмоб ұйымдастырылды.
"Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы"
25
мамыр
2026
"Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы"
Сынып сағаттарының тақырыбы:"Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы" Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты мағлұмат беру, Ту , Елтаңба, Әнұранның маңызын түсіндіру.
«Мектебім жүрегімде!» атты мерекелік іс-шара түлектердің бітіру кеші.
25
мамыр
2026
«Мектебім жүрегімде!» атты мерекелік іс-шара түлектердің бітіру кеші.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар және аяулы түлектер! Бүгін №110 мектеп-гимназия үшін ерекше де толғанысты күн. Мектеп қабырғасында білім алып, балалықтың бал дәуренін өткізген 11-сынып түлектеріне арналған «Мектебім жүрегімде!» атты Соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Көптен күткен соңғы қоңырау үні сыңғырлап, түлектер үшін балалық шақпен қоштасудың символына айналды. Бұл күн - мектеппен қоштасу ғана емес, үлкен өмірге бастар жаңа қадамның бастауы. «Мектебім жүрегімде!» атты
"Заң және Тәртіп" қағидаттарын сақтау
25
мамыр
2026
"Заң және Тәртіп" қағидаттарын сақтау
Сынып сағатында келесі мәселелерді қамту ұсынылды: қауіпсіздік шаралары (жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, интернет қауіпсіздігі және т.б.); Заң және Тәртіп қағидатарын сақтау; "Таза Қазақсатан" бастамасын жүзеге асыру; демалысты алдын-алу жоспарлаудың артықшылықтары; қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігі; еңбек етудің маңызы; үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету; жазғы демалыс кезінде оқуға ұсынылатын кітаптар тізімі; көруге ұсынылатын фильмдер.