Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
22
қазан
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназияда "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері 5 "Б" сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Кітап-адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы, білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін-тәрбие құралы ретінде "Ежелгі халық аңыздары" атты кітапты оқып, талқылады. Жауапты сынып жетекші Жумабекова Гулзат Макеновна.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
19
қазан
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназияның 8 "З" сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Абайдың қара сөздерін" оқып, талқылады. Жауапты сынып жетекшісі Омиралиева Инабат Муратовна.
"Ұлы дала өркениеттері"
18
қазан
2021
"Ұлы дала өркениеттері"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясы "Ұлы дала өркениеттері" атты байқауға қатысуда. "Құндылық - адам жанының алтын арқауы" тақырыбында бейнеролик байқауы өтті. Жауапты 2"А" сынып жетекшісі Ускенбаева Баян Батырхановна.
"Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі"
16
қазан
2021
"Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі"
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназияның оқушылары "Ұлы дала өркениеттері" атты байқауға қатысуда. Атадан қалған қолөнер түрі - құрақ-құрау түрін жаңғырту, оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық идеологияны дамыту мақсатында "Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі" тақырыбында 6 "А" сынып оқушыларымен көркем еңбек пәнінің мұғалімдері шеберлік сабақтарын өткізді. #ұлыдалаөркениеттері
«Отбасылық тәрбие мектебі» жобасы
13
қазан
2021
«Отбасылық тәрбие мектебі» жобасы
Алматыдағы «Отбасылық тәрбие мектебі» жобасы аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның 1 «В» сынып оқушысы Джалгасова Жансая өз отбасы туралы бейнеролик дайындады. Жауапты сынып жетекшісі Схатова Гулнур Сембековна.
"Ұлы дала өркениеттері"байқауы
13
қазан
2021
"Ұлы дала өркениеттері"байқауы
Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназиясы Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған "Ұлы дала өркениеттері"байқауы аясында"Жетістіктің тарихы" тақырыбында 10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. #ұлыдалаөркениеттері
"Біз біргеміз -берік іргеміз!" атты қалалық байқауын
11
қазан
2021
"Біз біргеміз -берік іргеміз!" атты қалалық байқауын
Жетісу ауданы N110 мектеп -гимназияның 9"А" сынып оқушысы Серікжан Аяулым. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жыл толуына орай "Біз біргеміз -берік іргеміз!" атты қалалық байқауына қатысуда. Мақсаты: Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жалпы ұлттық бірегейлікті нығайту, сондай-ақ оқушы жастарды шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі тануы және Алматы қаласы және егемен Қазақстан тарихына айтарлықтай өз үлесін қосқан адамдар туралы Қ.Саринның "Тәуелсіздік" атты өлең жолдарын жолдады. @zhetisu.roo
"Біз біргеміз -берік іргеміз!" атты қалалық байқауы
11
қазан
2021
"Біз біргеміз -берік іргеміз!" атты қалалық байқауы
Жетісу ауданы N110 мектеп -гимназияның 10"А" сынып оқушысы Қожахмет Аяулым. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай "Біз біргеміз -берік іргеміз!" атты қалалық байқауына қатысуда. Мақсаты: Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жалпы ұлттық бірегейлікті нығайту, сондай-ақ жастарды шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі тануы мақсатында және егемен Қазақстан тарихына айтарлықтай өз үлесін қосқан адамдар туралы "Батыр баба Бауыржан"атты өлең жолдарын оқыды. @zhetisu.roo @zhanara_abitova
"Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі" көрме
09
қазан
2021
"Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі" көрме
Алматы қаласы Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназияның оқушылары "Ұлы дала өркениеттері" атты байқауға қатысуда. Байқау аясында "Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі" тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында көрме ұйымдастырылды. #ұлыдалаөркениеттері
Ұстаздар мейрамымен құттықтау
09
қазан
2021
Ұстаздар мейрамымен құттықтау
Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез-келген шәкірт ұстазымен мақтанады. №110 мектеп-гимназияның 8 «В» сынып оқушысы Исаев Сейман ұстаздарың кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! #ұстазмектептіңжүрегі #балажаныныңбағбаны