Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
DODGEBALL спорт түрінен қалалық жарыс
29
қыркүйек
2025
DODGEBALL спорт түрінен қалалық жарыс
DODGEBALL спорт түрінен 7–8 сынып ұлдар мен қыздар арасындағы қалалық жарыста №110 мектеп-гимназиясының командасы І орынға иеленіп, Республикаға жолдама алды! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🏆👏 Жетекшілері: Бектемурова Гүлшат Бектемуровна Сисаев Саят Сұлтанович
"Almaty Ustazy"  конкурсы
25
қыркүйек
2025
"Almaty Ustazy" конкурсы
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Almaty Ustazy" конкурсынан N110 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Спиридопуло Василина Сергеевна ІІ дәрежелі дипломмен, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдиғұл Айдана Берікққызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
25
қыркүйек
2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу
2025 жылдың 24 қыркүйегі күні N110 мектеп-гимназияда ұлдармен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Әңгіме барысында оқушыларға құқықтық нормаларды сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, заң алдындағы жауапкершілік және тәртіптің маңызы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың зардаптары мен оның болашағына әсері талқыланып, оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кеңестер ұсынылды.
Сейсможаттығу
24
қыркүйек
2025
Сейсможаттығу
2025 жылдың 23 қыркүйегі күні N110 мектеп-гимназияда жалпықалалық сейсможаттығу ұйымдастырылды. Жаттығудың негізгі мақсаты – оқушылар мен ұстаздарға жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар мен мұғалімдер дабыл бойынша ғимараттан тез әрі тәртіппен эвакуацияланып, белгіленген қауіпсіз аймаққа шықты. Жаттығу барысында эвакуация уақыты, оқушылардың ұйымшылдығы мен қауіпсіздік шараларын сақтау деңгейі тексерілді. Мұндай шаралар төтенше
Қыздармен жұмыс
24
қыркүйек
2025
Қыздармен жұмыс
2025 жылдың 23 қыркүйегі күні N110 мектеп-гимназияның 8,9-сынып қыздарымен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.О.Раймкулова, мектеп психологы Г.Д.Әбетова түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында мынадай маңызды тақырыптар қозғалды: 🔹 Сабаққа кешікпеу, уақытты тиімді пайдалану; 🔹 Мектеп ішіндегі тәртіп ережелерін сақтау; 🔹 Буллингке жол бермеу, бір-біріне құрметпен қарау; 🔹 Жеке бас гигиенасы және өзін-өзі күту мәдениеті; 🔹 Әдептілік пен дұрыс қарым-қатынас жасау. Кездесудің басты мақсаты –
«Менің мектебім буллингке қарсы»
22
қыркүйек
2025
«Менің мектебім буллингке қарсы»
2025 жылдың 19 қыркүйегінде №110 мектеп-гимназияда Алматы қаласы Білім басқармасы және «Өркен» ННПИБД, Психологиялық қолдау орталығының бастамасымен «Менің мектебім буллингке қарсы» атты қалалық флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мектепішілік зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, оқушылар арасында достық қарым-қатынас пен қолдау мәдениетін нығайту. Флешмобқа 9-сынып оқушылары белсенді қатысып, өз мектептеріндегі қауіпсіз орта құруға үлес қосты. #МеніңМектебімБуллингкеҚарсы2025
“Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы”
18
қыркүйек
2025
“Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы”
№110 мектеп – гимназия кітапханасында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай “Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау; Абайдың рухани мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіріп, адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сынып сағаты
15
қыркүйек
2025
Сынып сағаты
2025 жылдың 15 қыркүйегінде сынып сағаты аясында «Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік» және «Көмек», «ДосболLike» бағдарламалары бойынша сабақтар өткізілді. Сабақ барысында отбасындағы еңбектің маңыздылығы, жеке қауіпсіздік мәселелері қарастырылып, сондай-ақ қарым-қатынас, өзін-өзі тану және эмоционалдық әл-ауқаттың маңыздылығы туралы айтылды. Сабақ мазмұнды әрі барлық жастағы оқушылар үшін пайдалы өтті.
«Отбасы – асыл қазынам»
15
қыркүйек
2025
«Отбасы – асыл қазынам»
11 қыркүйек – Отбасы күніне орай №110 мектеп-гимназиясында «Отбасы – асыл қазынам» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрмет сезімін арттыру, бірлік пен ынтымақты насихаттау болды. Іс-шара барысында оқушылар жүрекжарды өлеңдер оқып, әсерлі монологтар орындады. Сонымен қатар, ата-ана мен бала бірігіп сахнада ән шырқап, ұлттық билерімізді орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. «Ана мен бала», «Ана мен қыз» әндері
«Мектебім - мейірім мекені!»
02
қыркүйек
2025
«Мектебім - мейірім мекені!»
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, N110 мектеп-гимназиясында “1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бастауы, білімге жол ашатын мерекелі күн аталып өтті. Алғашқы қоңырау барлық оқушыларға жігер беріп, ұстаздар мен ата-аналарға қуаныш сыйласын! Жаңа оқу жылында табыс, сәттілік тілейміз!” «Мектебім - мейірім мекені!» атты салтанатты жиынға Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының аға прокуроры Исенов Алмас Мұңайтпасович қатысты. “Алғашқы қоңырау құтты болсын! Жаңа оқу жылы табысты болсын!” В