20
қараша
2025
"Балалық елінің елшісі"

Әдеби сағат: «Балалық елінің елшісі» ✨
№24 кітапхана-бөлімшесінің ұйымдастыруымен № 110-мектеп гимназиясының оқушылары үшін Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған әдеби сағат өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – жас оқырмандарға қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз өнерінің шебері Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оның әдебиеттегі орны туралы терең түсінік қалыптастыру.
📚 Оқушылар жазушының еңбектеріне арналған кітап көрмесімен танысып, оның балалар дүниесін шынайы бейнелейтін туындылары жайында мәлімет алды.
🎨 Сонымен қатар «Сәтжан» және «Қыран туралы аңыз» шығармалары бойынша оқушылар өз ой-пікірі негізінде жеке мұқаба нұсқаларын дайындап, шығармаларға қатысты түсініктерін талқылады.
Іс-шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарды.