15
қаңтар
2026
"Ашық есік күні"
2026 жылдың 15 қаңтарында ұйымдастырылған "Ашық есік күні" іс-шарасы аясында №110 мектеп-гимназиясының 10- сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №73652 әскери бөлімінде болды.Әскери бөлімге бару №110 мектеп-гимназия оқушыларының ой-өрісін кеңейтіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға жақсы әсер қалдырды. Жалпы №73652 әскери бөлімінде өткен "Ашық есік" күнін өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге септігін тигізіп, мектеп пен әскери құрылымдар арасындағы байланысты нығайта түсетін тәрбиелік мәні зор, пайдалы, мәнді оқиға деп бағалауға болады.