Алматы қаласы Білім басқармасының
«№110 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 252-50-17
Есепші:
+7(727) 252-45-44
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қаңтар
2026

"Адал ұрпақ - ел болашағы"


2026 жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласы Білім басқармасының «№110 мектеп-гимназия» КММ-де «Адал ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында қалалық семинар-пікірталас өтті.
Семинар барысында адал ұрпақ тәрбиелеудегі мектептің, отбасының және қоғамның өзара байланысы, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық қағидаларын білім беру үдерісіне жүйелі енгізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, №110 МГ мен №129 ЖББ мектептердің осы бағытта жүргізіп отырған тәрбиелік жұмыстары таныстырылды.
Іс-шараға:
- Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы" әдіскері -           Шаздан Орынбасар Бахытжанұлы;
- ⁠Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары;
* Сынып жетекшілер;
* Аға тәлімгерлер;
қатысты.
Семинар-пікірталас тәжірибе алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында ашық пікірталас өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімді жолдарын талқылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және озық педагогикалық тәжірибемен алмасу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: