27
қаңтар
2026
«Оқитын ата-ана, оқитын бала»

«Оқитын ата-ана, оқитын бала» сағаты
Мақсаты:
Ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту, отбасыда кітап оқудың маңызын арттыру, оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту арқылы оқырман мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
Ата-аналар мен балаларды бірлесіп кітап оқуға тарту, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру.
Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға жағымды көзқарас қалыптастыру.
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту, олардың үлгі болу рөлін түсіндіру.
Оқу арқылы баланың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Отбасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру.
Кітаптың адам өміріндегі, әсіресе бала дамуына тигізетін әсерін түсіндіру.
Бос уақытты тиімді пайдалануға үйрету, гаджетке тәуелділіктің алдын алу.
Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты күшейту.
Күтілетін нәтиже:
Ата-ана мен бала бірге кітап оқуға дағдыланады;
Балалардың оқу белсенділігі артады;
Отбасында оқу мәдениеті қалыптасады;
Ата-аналар баланың рухани дамуына көбірек көңіл бөледі.