09
ақпан
2026
"Құқықбұзушылықтың алдын алу", "Жол қозғалысы ережелерін сақтау және нашақорлықтың зиянын түсіндіру", "Қауіпсіз интернет"
2026 жылғы 09 ақпан күні 9-11 сынып білім алушыларының қатысуымен құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдер арасындағы "Құқықбұзушылықтың алдын алу", "Жол қозғалысы ережелерін сақтау және нашақорлықтың зиянын түсіндіру", "Қауіпсіз интернет" мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараға аталған сыныптардың сынып жетекшілері толық қатысты.Кездесуге Жетісу ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері:
– УИП ОЮП ООБ УП Жетісу ауданының полиция лейтенанты Болат Әсел Бақытбекқызы,
– УИП ООБ УП Жетісу ауданының полиция майоры Тоқтасынов Алмас Мұхитұлы,
– О/у ОКП УП Жетісу ауданының аға лейтенанты Тұрғанов Мұхидин Әлімжанұлы,
– ПП полкінің полиция капитаны Жылқыбаев Р.Ж. қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық түрлері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу туралы маңызды ақпарат берілді. Нашақорлық пен электронды темекі, зиянды заттардың адам өміріне қауіпті әсері нақты мысалдар арқылы баяндалды.